Солтүстік Кореяда алапат су тасқынының салдарынан жүздеген адам қаза тапты. Бұл туралы аталған елдің орталық телеарнасы хабарлады. Оңтүстістіккореялық Ренхап агенттігінің мәліметінше, толассыз жауған нөсерден аймақтағы Туманган өзені арнасынан асып, Хамгён-Пукто провинциясын су басқан. Мөлшерден тыс түскен жауын-шашынға «Лайонрак» тайфуны себеп болды. Апаттан  жүздеген тұрғын қаза тапты.  Із-түссіз кеткендердің қатары да аз емес. 12 мыңға тарта ғимараттың тас-талқаны шығып, тасжолдар мен көпірлер бүлінді. 70 мыңға жуық адам дүние-мүлкі мен баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш күн кешуде. Электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінде де іркілістер бар. Ақпарат құралдары Солтүстік Корея аумағында мұндай апаттың соңғы 70 жылда алғаш рет болғанын хабарлап отыр.

 

 

 

Сурет: ddinews.gov.in

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер