Қытайдың Тайвань аралына жойқын «Меранти» тропикалық тайфуны  жетті. Синьхуа агенттігі дауылдың салдарынан 115 мыңға жуық отбасының жарықсыз қалғанын хабарлап отыр. Олардың дені- аралдың оңтүстік бөлігіндегі Пинтун уездінің тұрғындары. Тайфун өзімен бірге қатты жел мен толассыз нөсер ала келген. Осының салдарынан аймақтағы әуе рейстері кейінге шегеріліп, көлік қозғалысы қиындады. Мектептер мен кеңселер жабылды. Метеорологтардың болжамынша, тайфун бейсенбі күні Фуцзянь және Гуандун провинцияларының жағалауына жетуі мүмкін.

 

 

 

Сурет: www.meteoprog.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер