Еуропаның басым бөлігінде жылдың бұл мезгілі үшін ерекше ыстық ауа-райы болып тұр. Мысалы Ұлыбританияда бірнеше күннен бері ауа температурасы Цельсий бойынша 30 градустан түспей тұр. Жергілікті тұрғындар мұндай жайттың соңғы 70 жылда болмағанын айтады. Ауа-райының тосын мінезіне қуанған жұрт теңізге шомылып, жағажайларда демалып жатыр. Аптап ыстық Бельгия аумағында да сақталып отыр. Мұндағы ауа температурасы 32 градусқа дейін жеткен. Бельгиялықтар ыстықтан қорғану үшін су бұрқақ пен көлеңкелі жерлерді сағалауда. Сәйкес жағдай Германия мен Нидерландының бірнеше аймағында  да орнаған. Синоптиктер болса, мұндағы ыстық ауа-райының әлі де бірнеше күн сақталатынын айтуда.

 

 

 

 

Сурет: www.huffingtonpost.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер