Сирияда күшіне енген бейбіт бітімнің арқасында аймақтағы зорлық-зомбылықтың деңгейі төмендеді. БҰҰ бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистураның мәлімдеуінше, елде дүйсенбінің кешінде оқ атпау тәртібі енгізілгелі бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандардың саны күрт азайған. Ендігі мақсат- бүлікшілердің бақылауындағы Алеппо қаласының шығыс бөлігіне гуманитарлық көмек жеткізу, - дейді ұйым өкілі.

 

Айта кетейік, Ресей мен АҚШ-тың арағайындығы арқасында қол жеткен Сирияда оқ атуды тоқтату туралы келісім 12-ші қыркүйек күні кешке күшіне енген еді.

 

 

 

Сурет: data.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер