Өткен жылы Синай түбегінде апатқа ұшыраған "Когалым-авиа" әуе компаниясының ұшағындағы бомба  оның артқы бөлігіндегі габариттік емес жүктерге арналған аумағына қойылған. Апат себебін анықтаумен айналысатын халықаралық техникалық комиссия  осындай қорытындыға келді.

 

Сарапшылардың пайымдауынша, лаңкестерге жарылғыш затты ұшаққа алып кіруге әуежай қызметкерлері көмектесуі мүмкін. Артынша оны бесік арба сияқты жүкпен бастырып тастаған.

 

Естеріңізде болса, 2015-ші  жылдың 31-ші қазанында Мысырдан Ресейге бет алған ұшақ Синай түбегінде апатқа ұшыраған еді. Оның бортында отырған 224 адамның барлығы опат болды. Артынша Ресей билігі апатты лаңкестік әрекет деп таныды. Ал, жауапкершілікті "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" мойнына алған.

 

 

 

 

Сурет: mediarepost.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер