Солтүстік Корея гуманитарлық апат алдында тұр. БҰҰ мен Халықаралық Қызыл Крест ұйымының өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Елде таяуда толастамай жауған нөсер соңына ұласқан су тасқыны салдарынан 133 адам қаза болған. Тағы із-түзсіз  жоғалып кеткен 400-ге жуық тұрғын әлі табылған жоқ. Қара су егіс алқаптарының көп бөлігін шайып кеткен. Сондай-ақ елдің энергетика саласына да айтарлықтай нұқсан келді. Ал құтқарушылар табиғи апаттан қатты зардап шеккен аудандарға  әлі күнге дейін қатынай алмай отыр. Жалпы жергілікті метеорологтардың айтуынша, бұл соңғы 70 жылдағы ең жойқын су тасқыны.

 

 

 

Сурет: drugoi.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер