Пәкістанның Шикарпур қаласында шейіттердің мешітінің маңында жарылыс болып, 10 кісі жарақат алды. Олардың арасында 3 полиция қызметкері бар, деп хабарлайды Ассошиэйтэд пресс агенттігі. Оқиға мерекелік айт намаз кезінде болған екен. Жарылысты жанкешті жасаған. Күзетшілер оны тексермек болып тоқтатқан кезде лаңкес өз-өзін жарып жіберген. Тәртіп сақшылары тағы бір шабуылдаушыны қолға түсірді.

 

Айта кетейік, былтыр маусымда дәл осы Шикарпур қаласындағы шейіттердің мешітіне жасалған лаңкестік шабуылдан 60 шақты адам көз жұмған болатын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер