Италияның жағалау күзеті Жерорта теңізінде жүргізген құтқару операциясының нәтижесінде 350 шақты мигрантты ажалдан арашалап қалды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Адамға лық толы қайықтармен жолға шыққандардың қатарында кішкентай сәби де бар екен.  Құтқарылғандардың нақты қай ел азаматтары екені әзірге белгісіз. Жағалау күзетінің қызметкерлері өткен демалыс күндері Италия жағалауынан 3,5 мыңға жуық мигрантты құтқарды. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың басынан Еуропаға теңіз арқылы 293 мыңға жуық мигрант пен босқын жеткен екен. Осы уақыт аралығында қауіпті сапарға шыққан 3 мыңнан астам адам қайғылы жағдайға тап болып, көз жұмды.

 

 

 

Сурет: report.az

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер