Үндістанның Карнатака штатында су тапшылығы салдарынан жаппай тәртіпсіздік басталып кетті. Салдарынан бір адам қаза тапты. Бұзақылар дүкендерді қиратып көліктерге от қойды. Аймақтағы мектептер жабылып қоғамдық көлік іркіліспен қатынай бастады. Жоғарғы соттың - жергілікті су қоймасынан көршілес Тамилнад штатына жіберілетін су көлемін арттыру шешімі штат тұрғындарының наразылығына түрткі болған. Соңғы жылдары Үндістанда муссон маусымы кезінде жаңбыр әдеттегіден аз жауып жүр. Соның салдарынан ауыл шаруашылығындағы ахуал ауырлап, азық-түлік бағасы қымбаттап кетті.  

 

 

 

Сурет: ria.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер