Оңтүстік Кореяда ел тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі болды. 5,1 және 5,8 балдық жерасты дүмпулері Кёнджу қаласының маңында тіркелген, деп хабарлайды Ассошиэйтэд пресс агенттігі. Дүмпулер елдің біраз аумағында, сонымен қатар мемлекет астанасы Сеулде де сезілген екен. Апаттан екі кісі жеңіл жарақат алды. Кёнсан-Пукто провинциясындағы көптеген тұрғын ғимараттардың құлау қаупіне байланысты баспаналарын тастап кеткен.

 

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның Кёнджу қаласы- туристер арасында аса танымал орындардың бірі.

 

 

 

Сурет: news.day.az

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер