Түркияның оңтүстік-шығысында жоғары оқу орындары мен жалпы орта білім беру мекемелерінің мыңдаған мұғалімі ереуілге шықты. Олар қызметтен заңсыз қуылып жатқандарын алға тартып, үкіметтен тиісті шара қолдануды сұрайды. Ұстаздарға азаматтық альянс пен кәсіподақ ұйымының белсенділері қолдау көрсеткен. Алайда Диярбақыр провинциясында бейбіт шеру полициямен қақтығысқа ұласып, тәртіп сақшылары наразы топты су шашып таратты. Естеріңізде салайық, осы елдің Білім министрлігі бейсенбі күні 12 мыңға жуық педагогты жұмысынан босатқан болатын. Олар террорлық ұйымға қатысы бар деп айыпталды. Түркия Премьер-министрі Бинали Йылдырым аймақта заңсыз ұйымдармен сыбайлас 14 мыңдай мұғалім бар екенін айтып, бұл мәселенің анық-қанығын анықтауды құзырлы органдарға табыстаған.

 

Сүлейман Гүлер, Білім және ғылым саласы қызметкерлері одағының бөлім басшысы:

Бүгінгі таңда жергілікті биліктің хабарлауынша, 504 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босады. Оның 418-і мұғалім, 86-сы техникалық қызметші. Оларды жұмысынан айыру халықаралық құқықтың ешқандай талабына сай келмейді. Сондықтан осынау заңсыз әрекеттерден бас тартуға шақырамыз.

 

 

 

Сурет: cyprus-mail.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер