Финляндия астанасы Хельсинкиде осы елдің жаңа көші-қон саясатына қарсы наразылық шарасы өтті. Шеруге 300 адам қатысқан. "Депортацияны тоқтатыңдар" деп ұрандатушылар - Таяу Шығыс пен Африка елдерінен келген мигранттар. Қазір бұл келімсектер босқын мәртебесін алу кезегінде тұр. Мигранттарды қолдап жергілікті азаматтар да көшеге шыққан. Осы жылдың мамырында қабылданған көші-қон ережесі бойынша Ауғанстан, Ирак пен Сомали  өмір сүруге қауіпсіз елдер болып саналады. Соңғы 3 айда Финляндия билігі аталған мемлекет азаматтарының босқын мәртебесін иелену туралы берген өтініштерінің 75 пайызын кері қайтарған.

 

Сурет: www.euromag.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер