Түркия билігі 12 мың мұғалімді жұмыстан шығарды. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша күдіктілер лаңкестік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Күрдістанның жұмысшы партиясының" содырларымен байланыста болған. Премьер-министр Бинали Йылдырым елдің оңтүстік-шығысында аталған топты 14 мың ұстаз қолдайды деп мәлімдеді. Бұдан басқа, Анкара Диярбақыр провинциясында жергілікті 2 кеңестің жұмысын тоқтатқан. Енді таратылған кеңес жетекшілерінің орнына арнайы тағайындалған шенеуніктер жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, Түркиядаиянды кадрларды жаппай тазалау шаралары шілде айында мемлекеттік төңкеріске қатысты басталған. Содан бері Анкара бүліктің басты ұйымдастырушысы ретінде айыптайтын ФетхуллАх ГүлЕнді қолдайды деген күдікпен 80 мың адамды қызметтен қуды. Олардың арасында - әскерилер, соттар, журналистер, университет декандары мен оқытушылар бар.

 

Сурет: mk-turkey.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер