Израиль билігі Газа секторымен шекара бойына жерасты дуалын тұрғыза бастады. Осылайша еврей елінің аумағына өтуді көздейтін палестиналықтардың жолы кесілмек. Құрылыстың басталғанына бірнешге апта болған. Тастан қашалып жасалатын қоршаудың ұзындығы 70 шақырымға, ал тереңдігі ондаған метрге жетеді. Бұл жұмыс бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бүгінде Израиль мен Газа секторының арасын бейнебақылау камералары, тікенек сымдар мен күзет мұналары қоса салынған үлкен қоршау бөліп тұр. 2014-ші жылғы екі жақты қақтығыс кезінде ХАМАС палестиналық қозғалысының мүшелері Израиль аумағына туннельдер арқылы бірнеше рет өтіп кеткен еді. Сондықтан еврей билігі жасанды жерасты жолдарын ел үшін стратегиялық қауіп деп біледі. ХАМАС ұйымының өкілдері Израиль қанша жерден қаптатып  дуал тұрғызса да, палестиналықтардың қарсылығын тоқтата алмайды деп мәлімдеген.

 

Сурет: www.metapower.tv

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер