Еурокомиссия Түркияда бас сауғалап жүрген сириялық босқындарға көмек беру бағдарламасын іске асыра бастады. Олар осы мақсатта босқындар үшін 348 миллион еуро бөлді. Қаржы Түркиядағы сириялық отбасылардың тұрмысын жақсартуға жұмсалады. Әрбір сириялық босқынға арнайы карта беріледі. Оған ай сайын әр отбасының  қажетіне қарай жәрдемақы түсіп тұрады. Қаржының рәсуа болмауын Түркия билігі мен Халықаралық гуманитарлық ұйымдар бақылайды. Бағдарлама - ресми Анкара мен Брюссель арасындағы мигранттарға қатысты келісімінің бір бөлігі.Бұған дейін Кәрі құрлыққа ағылған босқындарды тежегені үшін Еуро-одақ Түркияға 2016-2017-ші жылдары 3 миллиард еуро бөлуге уәде еткен.

 

ХРИСТОС СТИЛИАНИДЕС, ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОКОМИССАР

Түркиямен арадағы гуманитарлық әріптестігіміз жақсы қалыптасқан.  Сондықтан бағдарламаны іске қосуды жөн санадық. Саяси келеңсіздіктерге қарамай, азап шеккендерге жәрдем беру - басты мақсатымыз. Бөлінген қаржы миллиондаған сириялықтың өмірін жақсартуға жұмсалады. Олар енді балаларын жұмысқа емес, сабаққа жіберетін болады. 

 

Сурет: www.ntv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер