YouTube видеохостинг тарихында екі видео ғана 2 млрд-тан астам қаралым жинады- деп хабарлайды inform.kz.  Бұл: корейлік PSY-дың Gangnam Style клипі мен рэпер Wiz Khalifa-дың See You Again-і.

Оның біріншісіне ғаламтордағы вирустық танымалдығы арқылы көп көрілсе, екіншісін 2 млрд мәрте көруге «Форсаж» фильміндегі басты рөлді сомдаған марқұм Пол Уокердің атағы әсер етті.

 

 

See You Again 2015 жылы наурыз айында одан екі жыл бұрын көлік апатынан қаза тапқан Уокерді еске алу және жетінші бөлімдегі фильмге саундтрек ретінде шықты. Ал, 2012 жылы шыққан Gangnam Style қазіргі уақытта 2,6 млрд қаралымы бар.

 

Billboard басылымының жазуынша, қазіргі уақытта осындай рекордтық межеге бірнеше музыкалық шығарма жақындап қалған: Uptown Funk (Бруно Марс, 1,82 млрд қаралым), Sorry (Джастин Бибер, 1,79 млрд), Blank Space (Тейлор Свифт, 1,75 млрд), Hello (Адель, 1,7 млрд), Shake It Off (Тейлор Свифт, 1,63 млрд).

Видео: youtube.com

Сурет:  inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер