Иракта йезид қауымының қыз-келіншектері қолына қару алды. Осылайша олар мыңдаған қандастарын өлтіріп, тұтқынға алған "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" содырларынан кек қайтаруға бел буған. Қазір лагерде кезекті соғыс қимылдарына дайындық қызу жүріп жатыр. Әйелдер  түрлі қарулардың қыр-сырын жан-жақты меңгеріп, ату бойынша шеберліктерін шыңдауда. Оқу-жаттығу шараларынан басқа олар 1 миллионға жуық халық тұратын  СинджАр шаһары мен оның маңындағы елдімекендердің қауіпсіздігін қадағалауда. Езид қауымы Синджар қаласын тарихи отанымыз деп санайды. Шаһарды "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" 2014 жылдың тамызында басып алған. Экстремистер содан бері он мыңнан астам адамды өлтірген. Ирак үкіметі бұл қырғынды геноцид деп таныды. Экстремистік ұйымның тұтқынында әлі 3 мыңнан астам езид өкілі бар. Олардың қатарында қыз-келіншектер де аз емес.

 

Ясмин ӘЙЕЛДЕР БАТАЛЬОНЫНЫҢ САРБАЗЫ:

Біздің бөлім "Күн перзенттері" деп аталады және Синджардағы пешмергА күрдтік әскери құрылым құрамында әрекет етеді. Қатарымызда 140-тан астам қыз-келіншек бар. Біз қорлық пен әділетсіздікке қарсы күресеміз.

 

 

 

Сурет: forum.ladoshki.ch

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер