АҚШ пен Филиппин президенті Лаоста Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығының саммиті аясында бейресми кездесу өткізді. Осы басқосудан кейін Америка билігі 2 басшының арасындағы қақтығысқа тоқтайды деп мәлімдеген. Естеріңізге сала кетсек, РодрИго ДутЕрте бірнеше күн бұрын Филиппиндегі сотсыз жүзеге асқан ату жазаларын талқылауды ұсынған Ақ үй басшысына тіл тигізіп, ақыр соңында Обама ертеңіне жоспарланған кездесуді кейінге шегерген еді. Бұдан басқа, ДутЕртенің дөрекі мәлімдемесінен кейін Филиппин нарығында проблемалар басталған. Шетелдік инвесторлар бір күннің ішінде елден 58 миллион долларды алып кетті.

 

Перфекто ЯСАЙ, ФИЛИППИН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Ия, кездесудің болғаны рас. Бірақ бас қосудың қанша уақытқа созылғанын тап басып, айта алмаймын. Бірақ кездесу жақсы деңгейде өтті. Осының арқасында екі елдің арасындағы қарым-қатынас жақсарып, беки түседі деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер