Дүниежүзінде жүріп жатқан түрлі қақтығыстар мен сұм соғыстан бас сауғалаған 50 миллион бала үйін тастап, босып жүр. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының жанындағы ЮНИСЕФ балаларды қорғау қоры хабарлады.

 

Сұм соғыс пен тұрақсыздық. Тақыр кедейлік пен аштық. Осының барлығы әлемнің әр түпкіріндегі жандарды көшіп-қонып, бас сауғалап босып кетуге мәжбүрледі. Мәліметтерге қарасақ, амалсыз ата қонысынан алыстағандардың көбі кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер. Соңғы он жылда олардың саны екі есеге артқан. Халықаралық ұйымды алаңдатқаны – шиеттей бала-шағаның ел-елді шарлап шекара асып кетуі.

 

ЮНИСЕФ берген мәліметтер бойынша 2015 жылы әлемнің 78 елінде 100 мың бала биліктен баспана сұрап, өтініш жазған. 2014 жылы бұл сан үш есе аз еді. Қараусыз жүрген қарғадай бала қарақшылардың құрығына түсіп, құлдыққа да сатылып жатыр. Қолында құжаты жоқ кейбір жеткіншек құқық қорғау қызметкерлерінен жасырынып күн кешуде. Осындай тағдыр тәлкегіне түскен баланың жартысына жуығы соғыс оты лаулаған Сирия мен Ауғанстаннан шыққан.

 

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша ел кезіп кеткен босқындардың 75%-ы тек қана 11 елден шыққан. Олардың 50%-ын көңілі кең 7 мемлекет қабылдап отыр. Ең өкініштісі, босқындардың жарым жартысына жуығы – жеткіншектер, деп жазады Хабар24.
 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер