Қазақстаннан Иорданияға экспортталатын астық пен мал етінің көлемі артады. Бұл туралы Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссияның төртінші отырысында премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.  Одан бөлек, білім беру, метрология, туризм бағытындағы қарым-қатынастар жанданып, медицина мен қорғаныс саласында бірқатар шешімдер қабылданбақ. Естеріңізге сала кетейік, аталған Комиссия елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне 2006 жылы жасаған ресми сапары барысында Иордан Королі Абдалла ІІ бен Әл-Хусейнмен бірлесіп, екіжақты келісім негізінде құрылған.  Сол уақыттан бері екі мемлекеттің арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың деңгейі жоғарылады.

 

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Олар бізге беретіні сол ветеренария саласындағы тауарларын, дәрі дәрмектерін және фармацевтика саласында. Иорданияда фармацевтика һте жоғары деңгейде дамыған. Бізден олардың сұрап отырғаны егін және ет, тірі мал экспорттау.

 

Юсеф ӘЛ-ШАМАЛИ, ИОРДАНИЯНЫҢ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ:

кездесу қорытындысы бойынша министрліктер арасында келімге қол қойылды. Иорланиялық ірі компания фармацевтика сайланыста байланысты  дамыту үшін септігін тигізеді деп ойлаймыз. Үкіметаралық кездесу, қабылданған құжаттар алдағы уақытта да біздің арадағы қарым-қатынасымызды нығайтуға үлесін қосатынына сенемін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер