Нигердің батысындағы тасқыннан 38 адам қаза тапты. Мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Құтқарушылар оларды мектептер мен үкіметтік ғимараттарға орналастыруда. Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, топан су он мың үйді шайып кетті. Бұдан басқа, 26 мың мал қырылған. Айта кетейік, Нигерде қазір жауын-шашын маусымы. Халықаралық қауымдастық су тасқынынан жүз мың адамға дейін зардап шегуі мүмкін деп болжайды. Былтыр да табиғи апаттан ондаған адам көз жұмған.

 

 

 

Сурет: www.worldrenew.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер