Гватемаланың оңтүстігінде лай көшкіні жүріп, 9 адам қаза тапты. Марқұмдардың 2-уі - балалар. Тағы 4 тұрғын жарақат алып, 2-уі із-түссіз жоғалып кетті. Бірнеше ғимарат толығымен қираған. Құтқарушылар 30-ға жуық отбасыны қауіпсіз аумаққа көшірді. Лай көшкінінің жүруіне толассыз жауған нөсер себеп болған. Айта кетейік, Гватемалада мұндай табиғи апаттар жиі болады. Былтыр лай көшкінінен Санта-Катарина-Пинула қаласында 200-ге жуық тұрғын опат болған еді. 

 

 



Сурет: floodlist.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер