Сирияның АлЕппо қаласындағы бүлікшілер басып алған аудан бомбаланды. Үкіметтік емес ұйымдар, әуе соққысынан 10 адам қаза тапқанын хабарлады. Арасында бір сәби бар. Тағы ондаған тұрғын жараланған. Сонымен бірге, әуе шабуылынан 20 адам қаза тапты деген басқа ақпарат тарады. Құқық қорғау ұйымының өкілдері соққыларды үкіметтік күштер жасады деп санайды. Бірақ ресми Дамаск бұл айыптауды жоққа шығарды. Бомбаланған  ауданда осыдан 2 күн бұрын газбен шабуыл жасалған. 

 

 

 

Сурет: www.wsbradio.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер