АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатында салынып жатқан мұнай құбыры үндістердің жаппай наразылығын тудырды. Байырғы халықтың мыңдаған өкілі қасиетті санайтын жерінде жүріп жатқан құрылысқа қарсы. 2 мың шақырымға созылатын құбыр Баккен кеніштерін Иллинойстағы мұнай өңдеуші зауыттармен байланыстыруы тиіс. Бұл жоба 4 миллиард долларға бағаланған. Құбырдың бір шақырымдық бөлігі сиу тайпасының ата-бабалары жерленген және діни рәсімдер ұйымдастырылатын орын арқылы өтеді. Осыған дейін үндістер құрылысты доғаруды талап етіп, сотқа шағымданған болатын. Сот бұл істі жұма күні қарайтын болды. Құбыр салып жатқан компания соттың шешіміне дейін жұмысын тоқтатуға келіскен. Өткен демалыс күндері үндістер құрылысшылармен қақтығысып қалған болатын. Оннан аса адам жараланып, 20 ереуілші қамауға алынды.

 

Брианне, СИУ ТАЙПАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бізбен санаспай, жерімізде құбыр салғысы келеді.  Бізде қалғаны тек осы резервация ғана, басқа барар жеріміз жоқ. Сол себептен соңына дейін күресеміз.

 

 

 

Сурет: wds.peakoil.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер