Ливия жеріне бекінген "Ирак пен Левант" содырларының қатарында Тунистің мыңға жуық  азаматы жүр. Мұндай мәлімдемені Тунис Қорғаныс министрі Фархат Хоршани мәлімдеді. Айтуынша, бұл адамдар енді елдің тыныштығына қауіп төндіреді. Оған қоса содырлардың сойылын соғып жүргендер арасында Франция мен Тунис азаматтығын қатар алғандардың да бар екенін атап өтті.  Бұған дейін басылымдар Ливияда 3 мыңға жуық тунистік жүр деген ақпарат таратқан. Алайда министр мұны асыра сілтеу деді. Айта кетейік бұған дейін Франция қорғаныс министрі Ливиядағы содырлар Тунисті қосқанда Солтүстік Африка елдеріне оңай өте беретінін ескертті. Осыған байланысты ол аймақтағы елдерді шекарада аса сақ болуға шақырды.

 

Сурет: ВВС

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер