Македонияда кішігірім жекеменшік ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты. Олардың арасында 4 Италия және 2 Косово елінің азаматы бар, деп Рейтер италиялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады. Десе де, Македониялық билік бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ. «Пайпер» маркалы әуе көлігімен байланыс сейсенбі күні кешкі 5.40-да жоғалған екен. Кейін оның сынықтары ел астанасы Скопьеден оннан астам шақырым жерден Ветерско елді-мекенінің маңынан табылды. Апаттан соң ұшақ отқа оранған екен. Алдын-ала болжамға сәйкес, қайғылы оқиғаға қолайсыз ауа-райы себеп болуы мүмкін. 

 

Сурет: emigrados.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер