Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында халықаралық қайырымдылық ұйымның штаб-пәтеріне шабуыл жасаған 3 содырдың көзі жойылды. Олар  алдымен 2 жарылыс жасап, сосын ғимаратты басып алған. Полициямен арадағы атыс 11 сағатқа созылып, бір бейбіт тұрғын ажал құшты. Тағы жүзден астам адам  жараланды. Ал осының алдында 2 жанкешті Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі жарып жіберген еді. Соңғы мәлімет бойынша, лаңкестік әрекеттерден қаза тапқандар саны 35 адамға жетті. Марқұмдардың арасында Ауғанстан президентінің күзет қызметі басшысының орынбасары мен жоғары шенді полиция қызметкерлері бар. Шабуылдарды "Талибан" экстремистік қозғалысы өз мойнына алған.

 

Сурет: faraj.com.tj

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер