АҚШ-тың Калифорния штатында жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып, 20-дан астам адам жарақат алды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Оқиға сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 10:40-та Лос-Анджелес қаласының солтүстігінде болған екен. Апат кезінде пойыз ішінде 190 шақты жолаушының болғаны белгілі. Оқиға орнына ондаған өрт сөндіруші мен жедел жәрдем көліктері жетті.
 
 
Сурет: www.votpusk.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер