Ұлыбритания астанасында ереуілдің салдарынан Лондон-Сити әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Рейтердің хабарлауынша, қара нәсілділердің құқығын қорғаушы қозғалыстың белсенділері аталған әуе айлағының ұшу-қону жолағында наразылық шарасын ұйымдастырды. Осылайша, олар биыл Жерорта теңізінде 3 мыңнан астам мигранттың қаза табуына қатысты қарсылық білдірген. Ереуілдің салдарынан әуежайға бет алған ұшақтар қону бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, әуе айлағынан ұшып шығуы тиіс рейстер де кейінге шегерілді. Оқиға орнына тартылған полиция қызметкерлері жағдайды реттеуге тырысуда.

 

 

 

Сурет: www.bbc.co.uk

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер