Италияның жағалау күзеті дүйсенбі күні Жерорта теңізінден 15 мигранттың жансыз денесін тапты. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Келімсектерді құтқару бойынша бас-аяғы 23 операция жүргізіліп, 2700 адам ажалдан аман қалды. Мигранттар 19 рәзеңке және 4 кішігірім қайыққа мініп, теңіз арқылы Еуропаға жетпек болған екен.

 

Айта кетейік, қазіргі кезде Еуропа Екінші Дүниежүзілік соғыстан бергі ең ірі көші-қон дағдарысын бастан кешіріп отыр. Бұл жағдайға Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі қарулы қақтығыстар мен күрделі экономикалық ахуал себеп. Биылғы жылдың басынан бері Жерорта теңізі арқылы Кәрі құрлыққа 260 мыңнан астам босқын келген екен. 

 

 

 

Сурет: clubz-bg.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер