Францияның Кале қаласы мен оның маңында мигранттар ағынына қарсы ереуіл өтті. Үкіметтің назарын осы мәселеге аудармақ болған жүргізушілер мен шаруалар шаһарға кіреберістегі басты тас жолды бөгеп тастады. Наразылық шарасына қала тұрғындары, жергілікті кәсіпкерлер мен билік өкілдері де қатысты. Кале қаласында босқындар мекендейтін елдегі ең ірі лагерь орналасқан. Ондағы мигранттар Ұлыбританияға өтуді көздеп, ондағы жүк көліктерінің жолын бөгеп, оларға секіріп, терезелерін сындырған.  Осыған байланысты ереуілге шыққан жүргізушілер биліктен заңсыз көші-қон мәселесін реттеп, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін жедел шара қолдануды талап етті.     

 

Давид Сагнард, жүргізушілер кәсіподағының басшысы:

Мигранттар ағынынан біз көп зардап шегіп отырмыз. Әрине, біз бұл адамдардың қайғысын да түсінеміз. Десе де, бұл мәселе біздің жұмысымызға да кедергі келтіруде. 

 

 

 

 

Сурет: ria.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер