Ауғанстан астанасы Кабулда бір тәулік ішінде үш бірдей жарылыс болды.  Одан кейін онда атыс басталды, деп хабарлайды жергілікті биліктің өкілдері. Оқиға кезінде 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы біреуі жарақат алған. Елдің ішкі істер министрлігі жарылыстың гуманитарлық ұйымға қарсы жасалғанын хабарлайды. Шабуылдаушылардың нақты саны әзірге белгісіз. Қорғаныс  министрлігі  бұған дейін ғимаратының маңында екі бомба жарылып, мұның салдарынан 30-дан астам адам қаза тауып, ондаған кісі жарақат алған деп хабар таратқан. Жарылғыш құрылғылардың бірі алыстан, екіншісін жанкешті іске қосқан. Шабуылдар үшін жауапкершілікті «Талибан» ұйымының содырлары мойнына алды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер