Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында тағы 3 баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Ренхап ақпарат агенттігі оңтүстіккореялық әскерилерге сілтеме жасап хабарлап отыр. Зымырандар Хванхэ-Пукто провинциясынан ұшырылып, бір мың шақырымға жуық қашықтықты еңсерген екен. Жапониялық әскерилердің хабарлауынша, зымырандардың бірі Окусири аралынан 200-250 шақырым қашықтыққа теңізге құлаған көрінеді. Ресми Токио мен Сеул Солтүстік Кореяның бұл әрекетін қатаң сынға алып, өз наразылығын білдірді.

 

Еске салсақ, наурызда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар қабылдаған еді. Бұл шешімге ресми Пхеньянның ядролық сынақтары мен баллистикалық зымыран ұшыруы себеп.

 

Сурет: www.interfax.ru

 

Сурет: 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер