Сирияның бірнеше ірі қаласында болған жарылыстардан 40-тан астам адам қаза тапты. Лаңкестік құрбандарының дені- Тартус қаласының тұрғындары. Мұнда дүйсенбі күні Арзуна көпірінің маңындағы үкіметтік тас жолда қос бомба жарылды. Олардың бірі автокөлік ішіне орнатылса, екіншісін жанкешті іске қосқан көрінеді. Бұдан бөлек, лаңкестік шабуылдар Дамаск маңында, Хомс және Әл-Хасака қалаларында жасалды. Соңғысындағы жарылыс үшін жауапкершілікті Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды.  
 
 
Сурет: news-front.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер