Мысыр әскері 40-тан астам содырдың көзін жойды. Олар Синай түбегінің солтүстігіндегі Рафах қаласында орналасқан экстремистер лагеріне әуеден 3 соққы жасаған. Бұл радикалдар Синайдың солтүстігінде лаңкестік шабуыл ұйымдастырмақ болған. Аймақта күн сайын құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасалады. Айта кетейік, Синай түбегіндегі арнайы операцияның басталғанына 2 жыл. Содан бері содырлардың қолынан жүздеген полиция мен сарбаз ажал құшты. 

 

Сурет: ria.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер