Америкалық лайнер алғаш рет Арктикаға саяхатқа аттанды. Кеме 13 палубадан тұрады. Ол солтүстік полюс аймаққа сапарын АҚШ-тың АнкОридж қаласынан бастады. Кемеге міну билеті - 20 мың доллардан басталған. Бұл сомаға тікұшақпен қыдыру құны кірмейді. Бағасы қымбат болса да7 барлық билет лезде сатылып кеткен. Лайнерде 1100 жолаушы мен 600 экипаж мүшесі бар. Олардың сапары 17-қыркүйекте Нью-Йоркте аяқталуы тиіс. Туристердің қызығушылығы зор болған соң, жауапты компания екінші саяхатты жоспарлауға кірісіп кетті. Биыл Арктикадағы мұздықтар рекордты деңгейде еріп, адам аяғы тимеген аймаққа жол ашылған.

 

Сурет: www.goarctica.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер