Самарқанның Регистан алаңында Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.  Ташкенттегі сияқты мұнда да Өзбекстанның тұңғыш президентімен қоштасу үшін көшеге, мыңдаған адам шыққан.

 

Марқұм, ата-анасы жатқан туған қаласындағы Шахи-Зинда тарихи қорымына  жерленеді. Мұнда 20 жылдан бері адам жерленбеген, бірақ бұл жолы Өзбекстанның тұңғыш президенті үшін рұқсат берілді. Қаралы жиынға 17 елдің делегациясы қатысады. Қазақстан атынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған делегация барды. Өзбекстан президентінің міндетін атқару Парламент сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевқа жүктелген. Самарқан орталығы көлік қозғалысы үшін жабық, тек жаяу жүруге рұқсат бар. Әр көшенің бұрышында милиционерлер қоғамдық тәртіпті бақылап тұр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер