Филиппиндегі ДавАо шаһарындағы жойқын жарылысты "Әбу Сайяф" лаңкестік тобы мойнына алды. Бұл туралы экстремистік ұйымның өкілі мәлімдеген. Соңғы ақпарат бойынша, шабуылдан 15 адам ажал құшып, 60-тан астамы жараланды. Бомба қалалық базардың маңында жарылған. Мемлекет басшысы  Родриго Дутерте  ДавАо қаласын 22 жыл басқарған еді. Ол жарылыс кезінде осы қалада болған. Лаңкестік әрекетке байланысты Филиппинде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тергеу амалдары басталды. Айта кетейік, "Әбу Сайяф"  - "Әл-Каида" халықаралық экстремистік желісінің филиппиндік бөлімшесі. Олар сондай-ақ "Ирак пен Левант лаңкестік тобына" да,,, адал боламыз деп ант берген. "Әбу Сайяфты" АҚШ пен ЕуроОдақ халықаралық лаңкестік ұйымдар қатарына қосқан.

 

 

 

Сурет: www.reuters.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер