АҚШ пен Ресей Сирияның АлЕппо қаласында оқ атуды 48 сағатқа тоқтату туралы келісім дайындап жатыр. Бұл туралы дипломатиялық ақпарат көздеріне сілтеме жасаған "Рейтер" ақпарат агенттігі хабарлады. Бейбіт бітім күшіне енсе, лаңкестік топтар басып алған қалаға Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінің гуманитарлық көмек жеткізуіне жол ашылмақ. Сонымен бірге, АҚШ пен Ресей арасында жергілікті "ДжАбхат-фат-хаш-Шам" экстремистік тобына қарсы операция жүргізу үшін қажетті барлау мәліметімен бөлісуге қолайлы жағдай тууы мүмкін.

 

ЯН ЭГЕЛАНД, БҰҰ-НЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ:

Біз АлЕппоға 48 сағаттық бейбіт бітім жарияланған бетте баруға дайынбыз. Дәл қазір 20 мың адамды тамақтандыруға әзірміз. Барлығы АлЕппода 250 мың тұрғын көмекке мұқтаж. Бейбіт бітім ауадай қажет. Келіссөздер оңынан болады деп сенемін.

 

Естеріңізге сала кетейік, Сирияда 2011 жылдан бастап азаматтық соғыс жүріп жатыр. Содан бері 300 мыңға жуық адам ажал құшып, миллиондаған тұрғын босқынға айналды. Осы жылдың ақпанында лаңкестік топтарға қатысы жоқ бейбіт бітім жарияланған еді. Бірақ бұдан араб еліндегі зорлық-зомбылық деңгейі төмендеген емес.

 

 

 

 

Сурет: www.cnn.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер