British Airways компаниясы Иранмен әуе қатынасын қайта жаңғыртты. Жұма күні Тегеран әуежайына осы компанияның алғашқы ұшағы келіп қонды. 2012-ші жылы ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық санкциялар енгізілгеннен кейін, батыс елдерінің әуе компаниялары Иранға ұшуын тоқтатқан болатын. Биыл қаңтар айында шектеу күші жойылғаннан кейін, батыс компаниялары мен ұйымдары ол райынан қайта бастады. Бритиш эйруейз - Иранмен әуе қатынасын жаңғыртқан Эйр Франстан кейінгі екінші әуе компания. Жақын арада тағы да бірқатар еуропалық компания ұшақтарын тұрақты ұшырып тұруға ниеттеніп отыр. Ал Лондоннан Тегеранға қатынайтын ұшақтар аптасына алты рет рейс жасайды.

 

 

 

Сурет: www.routesonline.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер