Қостанайда алма ағаштары қайта гүлдей бастады.  Бұл табиғи құбылыс - жергілікті ғалым  Андрей Удовицкийдің талай жылғы төккен маңдай терінің жемісі. Оның бақшасындағы алма ағаштары жылына екі рет жеміс береді. Таңқурайлары да өзгеден ерекше. Ал онкологиялық ауруларға ем болатын картоптарының құпиясы да жетерлік.

 

АНДРЕЙ УДОВИЦКИЙ, ҒАЛЫМ-СҰРЫПТАУШЫ:

«Уралочка» деп аталатын бұл сортты мен жасанды түрде гүл шашуға «мәжбүрледім».  Ол үшін біріншіден,  халықарылық ауқымдағы сұрыптау жұмысы керек. Мысалы, біз Солтүстік жарты шардамыз, бізде жемістер пісе бастады. Ал Оңтүстікте бау-бақ енді гүлдеп жатыр.

 

«Екіншіден, өсімдіктерге жылыжай тектес орын, күтім  керек» дейді ғалым. Сонда жазы аз теріскей өңірдің табиғатында да жылына екі мәрте жеміс алуға болады. Ал оның теліміндегі картоптар жылына екі рет өнім береді.    

 

АНДРЕЙ УДОВИЦКИЙ, ҒАЛЫМ-СҰРЫПТАУШЫ:

Міне түйнек пайда болғаннан кейін кез-келген сортты тез арада көбейтуге болады. Халық менен «картопты бір айда өсіріп шығаруға бола ма?» деп сұрайды, Менің жауабым: Болады!

 

Бұл картоптарға колорада қоңызы мүлдем қонбайды екен. Және де көкөніс онкологиялық ауруларға дауа. Ал мынау таңқурай ағашы. Жемісі балбырап піскен шақта алма сияқты жинап алады. «Отандық селекцияны дамыту қажет» дейді ғалым. Ол саналы ғұмырында картоптың 35 сортын шығарған.

 

 

 

 

Сурет: kk.wikipedia.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер