Сирияның лаңкестер басып алған аудандарына жыл басынан бері 112 гуманитарлық керуен жеткізілді. Бұл туралы Бірккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілдері мәлімдеген. Бұған дейін көмекті 1 миллион 300 мың адам алған. Олардың үштен екісі көліктердің жетуі қиын аймақта тұрады. Қалғаны - содырлар бақылауындағы қалаларда. Әуе тасымалымен 5 мың тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарлар жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, Сирияда 2011 жылдан бастап,,, азаматтық соғыс жүріп жатыр. Соңғы 5 жылдың ішінде қақтығыстан жүздеген мың адам ажал құшып, миллиондаған тұрғын босқынға айналған.

 

Сурет: www.tvc.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер