Германия әскері сириялық босқындарды құрылыс жүргізуге үйретуде. Елдің қорғаныс министрінің айтуынша, бұл кәсіп оларға болашақта Сирияны қайта қалпына келтіру үшін керек болады. Осы аптада басталған курс 12 аптаға созылмақ. Жалпы дәріс аясында 120 мигрант инженерлік және құрылыс жұмысының қыр-сырына қанығады. Неміс билігі келімсектер келешекте Германияда қалуды ұйғарса да жаңа біліктілік олардың қоғамнан өз орнын табуына септігін тигізеді деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, неміс үкіметі былтыр бір миллионнан астам босқынды қабылдаған. Биыл мигранттар саны 300 мың адамға қысқарған. 

 

Урсула фон дер Ляйен Германия Қорғаныс министрі

"Мен Сирияға қайтқысы келетін бір босқынмен сөйлестім. Біздің жобамыз оған елін қалпына келтіру мақсатын іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біз босқындарды құрылыс жүргізуге үйретіп жатырмыз. Оның үстіне, жаңа кәсіптің арқасында олар ақша таба алады".

 

Сурет: www.translarium.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер