АҚШ-тың 3 бірдей штатының аумағында «Эрмина» дауылының жақындауына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Олардың қатарында Джорджия, Солтүстік Каролина және Флорида штаттары бар. Соңғысына дауыл бірінші болып жетеді деген болжам бар. Онда мемлекеттік мекемелер уақытша жабылып, бірнеше аймақта эвакуация жарияланды. Штат губернаторы апаттың салдарын жоюға Ұлттық гвардияның сарбаздарын жұмылдырмақ. Ал Солтүстік Каролина билігі өңірдегі автокөлік қозғалысын шектеп, бірнеше аймаққа полиция мен көлік қызметінің өкілдерін және өрт сөндірушілерді жұмылдырды.  Айта кетейік, «Эрмина» дауылы Мексика шығанығының акваториясында сәрсенбі күні пайда болған. Қазіргі кезде оның екпіні сағатына 120 шақырымнан асып отыр.

 

Сурет: АР

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер