Испания парламентінің төменгі палатасындағы депутаттар премьер-министр қызметін уақытша атқарып жүрген Мариано Рахойдың үкімет басшысы болуын қолдамады. Оған дауыс берудің бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін парламенттегі 350 депутаттың кем дегенде 176-сы қолдау көрсетуі керек болатын. Алайда Мариано Рахой үшін қол көтергендер саны 170 адаммен шектелді. Еске сала кетейік, Испанияда 26-шы маусымда өткен парламент сайлауында Мариано Рахой басқаратын Халық партиясы жеңіске жетті. Дегенмен парламенттегі 350 орынның жартысынан көбіне иелік ете алмағандықтан үкіметті құра алмауда. Енді 2-ші қыркүйекте дауыс берудің келесі кезеңі өтеді. Егер бұл жолы да Рахойды қолдағандар басым болмаса парламент таратылып, Испанияда бір жыл ішіндегі үшінші парламент сайлауы өткізілетін болады.

 

 

 

Сурет: www.rbc.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер