Малайзия билігі елде Зика безгегін жұқтырған алғашқы жағдайдың тіркелгенін мәлімдеді. Індет 58 жастағы Кланг қаласының тұрғынынан табылған. Ол бірер күн бұрын Сингапурден келген. Қазір науқас ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер онымен соңғы уақытта жақын байланыста болған адамдардың барлығын тексеруден өткізуде. Айта кетейік, Зика безгегі негізінен маймылдарға тән ауру түрі. Кей жағдайларда ол маса арқылы адамдарға да жұғады. Індет, әсіресе, жүкті әйелдерге қауіпті. Ол құрсақтағы нәрестенің микроцефалия дертіне шалдығуына себеп болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер