Америкалық Джет-Блу әуе-компаниясы соңғы 50 жылда АҚШ пен Куба арасында тұңғыш рейсін жасады. 150 жолаушы мінген ұшақ Азаттық аралындағы Санта-Клара қаласына барып қонды. Алдағы екі айда ұшақтар осы бағытпен аптасына үш ре, содан кейін  күн сайын қатынайтын болады. Мұнымен қоса, тағы екі америкалық компания осы бағытты игеруді көздеп отыр. Күн сайын Кубаға 11 әуе рейсі жасалатын болады. 50 жылдан аса уақыт өзара жауласып келген мемлекеттердің арасы жақында ғана жіби түскен. Былтыр қос тарап елшіліктерін ашып, тұрақты әуе қатынасын орнатуға келісті. Дегенмен,, АҚШ-та әлі күнге дейін,, Кубаға туристік сапармен баруға шектеу бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер