Жапонияның солтүстігінде «Лайонрок» тайфуны 15 мыңнан астам отбасыны жарықсыз қалдырды. Дүлей жел ағаштар мен электр бағаналарын құлатып, қуат желілерін үзіп кеткен, деп хабарлайды Киодо ақпарат агенттігі. Қазіргі кезде «Лайонрок» тайфунынан Хонсю және Хоккайдо аралдарының солтүстік префектураларына қауіп төнуде. Жергілікті билік 150 мың тұрғынға қауіпсіз жерге көшу туралы кеңес берді. 100-ден аса әуе рейсі кейінге шегерілді.  Дауылмен бірге аймаққа екпіні секундына 50 метрге дейін баратын қатты жел мен толассыз нөсер жетеді. Сондықтан лай көшкіндері жүріп, өзендер арнасынан асуы мүмкін, дейді мамандар. Тайфуннан төнген қауіпке байланысты Тойота автокөлік концерні Мияги және Иватэ префектураларындағы екі бірдей зауытының жұмысын уақытша тоқтатты.

 

 

 

Сурет: ria.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер