Индонезияның Ява аралында жасы 145-ке келген қария табылды. Мбах Гото есімді азаматтың құжаттарында оның 1870-ші жылдың 31-ші желтоқсанында дүниеге келгені көрсетілген. Қария көру қабілетінің нашарлығына қарамастан, өзі тұрып, жүре алады. Балаларының барлығы өмірден өткен. Гото қазір немерелері, шөберелері және шөпшектерінің ортасында өмір сүруде. Индонезиялық қария ұзақ жасауының сырын сабырлылығымен байланыстырады. Десе де, ер адамның нақты жасын ресми түрде анықтау мүмкін емес, дейді билік өкілдері.

 

Атап өтерлігі, әлемдегі ең ұзақ жасап келе жатқан адам болып 122-дегі француз кейуана Жанна Кальман ресми түрде танылғаны белгілі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер