Ливия жағалауында 6500-ге жуық  мигрант құтқарылды. Италия билігінің хабарлауынша, босқындар алыс жолға жарамсыз қайықтарға мініп, теңізге шыққан екен. Дені - Эритрея мен Сомали елдерінің азаматтары. Келімсектер Ливия жағалауынан шамамен 20 шақырым жерден құтқарылған. Бұл осы күнге дейін жүргізілген ең ірі құтқару операциясы болды. Оған Италия кемелері мен катерлері жұмылдырылды.

 

Айта кетейік, құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда Ливия аумағындағы босқындарға уақытша паналауға арналған 20 ресми орталықта 3500 адам бар. Ал, қалған орталықтар қарулы топтардың қарамағында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер